Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ Білім беру басқармасының   

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНы БІЛІМ БӨЛІМІнің 

«Айсамал» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

І. Кіріспе

 

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Айсамал» бөбекжай–балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі-балабақша)-балабақша меңгерушісі  басқаратын өз құзыреті шегінде «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  жүзеге асыратын жергілікті атқарушы мемлекеттік мекеме.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Балабақшадағы  сыбайлас жемқорлықтың  туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып,сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдауы  жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің  нәтижесі  туралы ақпаратты  ұсыну.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Айсамал» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Мекен-жайы мен байланыс  мәліметтері:Атырау облысы,

Құрманғазы  ауданы,Теңіз  ауылы,Дина Нұрпейісова,12 үй.

Тел:8(71233 )3-76-61 эл.поштасы:  aisamal_2010@mail.ru

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 11 желтоқсан 2024 жыл, аяқталды: 15 желтоқсан 2024 жыл.

Бақыланатын кезең: 2024 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 1 желтоқсан аралығы.

І.Персоналды басқару

Мектепке дейінгі ұйымда қызметкерлердің  тізімдік саны 21 адамды құрайды,оның ішінде педагогтер саны-7. Қызметкерлерді қабылдау,ауыстыру және жұмыстан босатуды рәсімдеу теңбек заңнамасына,мектепке дейінгі ұйым жарғылық ережесіне,лауазымдық нұсқаулықтарға,бұйрықтар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

2024 жылдың 11 ай бойынша тәртіптік тәжірибені талдай отырып,мектепке дейінгі ұйымда тәртіптік жауапкершіллікке тартылған педагогтер мен қызметкерлер жоқ. Балабақша педагогтарының әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды болдырмауды қамтамасыз ету бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Мектепке дейінгі ұйымда мүдделер қақтығысы жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне  сәйкес,

2024 жылғы 11 айлығында  мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру  мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде дәлізде ақпараттық стенд жасақталып,ілінген,жыл ішінде жаңартылып отырады.

4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Мектепке дейінгі ұйым рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Мектепке дейінгі ұйым бақылау-тексеру функцияларын іске асырмайды.

6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

Балабақшада мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда. «Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салуды алдын алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдаланудың бақылауын күшейту бойынша: балабақшада мүліктерге және тауарды материалдық құндылықтарға түгендеу жылма жыл қараша айында өткізіліп,желтоқсан айында қорытындысы жинақталып отырады.

Қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу)мәселесі қатаң сақталады.

Бюджет қаражатының уақтылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

Портал арқылы конкурс тәсілімен шарт жасақталып,тауарлар алынып отыр. Құқық бұзушылықтар  анықталмады.

8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

Балабақша ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «Сенім жәшігі»орнатылған.Оған балабақшаның сенім телефоны ретінде 3-76-61 нөмірі бекітілген.

Балабақшада «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында бұрыш жасақталды.Жыл ішінде материалдары өзгертіліп отырады.

Балабақшада ақша жинауды болдырмау,мерекелерде педагогтерге сыйлыққа

ата-аналардан,балалардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр.Балабақшада «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» стендісі балабақшаның көрнекі жері дәлізде кіре берісте ілінді.

 

 

 

 

Балабақшада «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» , «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады»,«Пара берсең-жазаланасың!» , «Параға емес,биікке ұмтыл!» «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмайды» тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалып,балабақшада «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс», «Сыбайлас жемқорлыққа –жол жоқ»,балабақшаның ата-аналарына арналған ақпараттық тақталарға және балабақша дәлізіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы стендісіне ілінді.

 

Жыл ішінде  таратылған жадынамалар саны:

 

Кезекті даярланған жадынама тақырыбы Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде таратылым саны Балабақшаішілік шаралардағы таратылым саны
Ата-аналарға Педагогтерге Ата-аналарға Педагогтерге
1 «Пара берсең жазаланасың» 27 7 27 7
2 «Бір пара екі қылмыскер» 20 7 20 7
3 «Жемқорлыққа жол жоқ» 20 7 20 7

 

 

Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

Балабақша  бойынша  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан   Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v Заңы  басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың  іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімнің 2018 жылдың 29 желтоқсан күнгі №814 санды бұйрығын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында балабақшада іс -шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асырылуда.

Балабақшада жұртшылық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары басшы тарапынан бақыланып отыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының түсіндірілуі,насихаттау жұмыстарының барысы балабақша әкімшілігі жиналысында талқыланып,қаралды.

Балабақшада сыбайлас жемқорлық сипатындағы  фактілерге жол бермеу мақсатында балабақшаның  қызметкерлері  және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетулерге байланысты,халықты ақпараттандыру мақсатындағы жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру мәселесі әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Балабақша қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау  жүргізу  барысында әлеуметтік аударымдар бойынша пайда болған берешек сомалары уақытында аударылмай,әкімшілік жаза түрінде ескерту берілген.

 

Қорытынды:

 

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Айсамал» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру;

2.Балабақшаның  әлеуметтік аударымдар бойынша төлемді уақытында аударып отыру;

 

  1. ____________А.С.Тунгатарова–балабақша меңгерушісі,жұмыс тобының жетекшісі
  2. ____________А.Сахметова– балабақша тәрбиешісі, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері

  1. ____________ Р.Алекенова – балабақша әдіскері
  2. ____________ А.Джумагалиева- шаруашылық меңгерушісі
  3. ____________ Н.Құдайбергенова-балабақша медбикесі