Шараның мақсаты : Бала бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, инабаттылыққа тәрбиелеу.
КМҚК «Айсамал» бөбекжай-балабақшасында «1 қазан –Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік шарасы өтті. Бүлдіршіндер мерекеге орай ата-әжелеріне арнап әндерін айтып,өлең жолдарын арнады.
Сонымен бірге балалардың «Менің атам мен әжем» тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылып,тамашаланды.
Шараға қатысушы ата-әжелер балалық шағының қызықты шақтарымен бөлісіп,мерекелік жылы лебіздерін білдірді.
Шара соңында қатысушы әжелерімізге мерекелік құттықтау хат ұсынылды.
Мерекелік шара өз дәрежесінде өтіп,балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.