Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінің "Айсамал" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

     «Айсамал» бөбекжай — балабақшасына қош келдіңіздер! Біздің балабақша 1978 жылы «Ақбота» балабақшасы болып ашылып, кейін 1999 жылы «Атырау облысы Құрманғазы ауландық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айсамал» балабақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып тіркелді.

Теңіз ауылдық округінде орналасқан МКҚК «Айсамал» балабақшасы бір қабатты,жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Балабақшада 2 топ : толық күндік  «Жұлдызай» -25 тәрбиеленуші, жарты күндік «Бүлдірген тобы»- 15 тәрбиеленуші,  жұмыс істейді. Топтарда барлығы 40 бала тәрбиеленеді.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың»негізгі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Балабақшаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарын танып, біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, тілін жетілдіріп, өзін – өзі тануы арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту.
Міндеттері:
 -Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
— Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнын қарапайым сүйіспеншілік, денсаулық, достық, бақыт сияқты құндылықтарға баулу.
— Баланың өз бойындағы жақсы қасиеттері негізінде жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету.
-Күнделікті бірлесе атқаратын іс – әрекеттер барысында балалардың бойында қоршаған орта құбылыстарымен адамгершілік қарым – қатынас жасау.
Педагогикалық ұжымның кәсіптік құзіреттілігі жаңа стандартқа көшу жаңдайы балабақшамыздағы тәрбие мен оқытудың ортақ міндеттерін шешуде үлкен үлес қосуда. Инновациялық әдіс тәсілдерді ұлттық тәрбиемен ұштастыру, әр тәрбиеленушімен жеке жұмыс, әр түрлі қызықты шаралар өткізу және тәрбиешілердің тәжірибесінде ата-аналармен де, көпшілікпен де бірігіп жұмыс жасаудың түрлі формалары қалыптасқан.
Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!